Кейде бір ғана сәт барлығын шешеді. Ол сәт өмірді қасіретке де, ғажайыпқа да айналдыра алады. Осы күні кішкентай Кайли ерекше бақытты еді. Оның көптен күткен бес жасқа толған туған күні келіп, бұрынғыдан да ғажап өтетіндей көрінген, деп жазады kznews.kz.
Кайлидің екі қарындасы болатын– төрт жастағы Эмма мен екі жастағы Кэти. Ол соншалықты кішкентай болса да, қарындастарына жан-тәнімен қамқорлық жасайтын. Анасы Лори мен әжесі Синди сол ерекше күні балаларды жәрмеңкеге апаруды ұйғарғанда, олардың қуанышында шек болмады. Онда олар жануарлармен ойнап, сол күнді қызыққа айналдыратын.
Күн ұмытылмас әсерге толы өтті. Үйге қайтар жолда Кайли мен Эмма алған әсерден шаршап, көлікте ұйықтап қалды. Ал кішкентай Кэти жалғыз қалып, мазасызданып, анасының назарын талап ете бастады. Кептелісте тұрған кезде Лори қызының аяғынан жай ғана қытықтады. Бұл – оның қызының күлкісін соңғы рет естіген сәт еді…
Кенеттен жүк көлігі келіп соғылып, машинаны үлкен жылдамдықпен соқты. Анасы мен әжесі сол сәтте-ақ есінен танып қалды. Балалар ауыр жарақат алды, оларды дереу ауруханаға жеткізу керек еді.
Үш баланың әкесі Крис бұл хабарды ести салысымен ауруханаға асықты. Екі кішкентай қыз сол жерде жан тапсырған еді. Ата-анасы Кайлиге үміт артты, бірақ алған жарақатынан кейін оның тірі қалу мүмкіндігі болмады. Жүректері қан жылап, көз жасын тыя алмаған күйде Лори мен Крис ұлдарының өмірін жасанды түрде ұстап тұрған аппараттарды сөндіруге мәжбүр болды. Олар бірнеше минут бойы баласының қалай жан тапсырғанын көздерімен көріп тұрды.
"Жүрегі тоқтаған сәтте қолымды оның кеудесіне қойып тұрдым", – деді Крис. – "Сосын… ол жоқ болды".
Отбасы бұл қайғыны тек жерлеу рәсімінде ғана толық сезіне алды. Кайли, Эмма мен Кэтиді соңғы рет көріп, ата-анасы балаларын кішкентай табыттарға салды.
Қайғы адам төзгісіз еді. Лори мен Крис тұратын ауданда үнемі балалардың күлкісі естілетін. Көрші балалар олардың үйінің маңында ойнап, Хэллоуин кезінде тәтті сұрап есіктерін қағатын. Естеліктер, күйреген жүрек, өзін-өзі кінәлау – осының бәрі бұрынғы ата-ананы қатты қинайтын.
Соған қарамастан, ерлі-зайыптылар өз-өзіне қол жұмсамауға серт берді.
"Бір сәтте бұл қайғыдан қашып кеткің келеді. Өзіңді өлтірсең, балаларымның жанына қайта барамын деп ойлайсың", – деді Крис. – "Бірақ біз бір-бірімізді ешқашан тастамаймыз деп уәде бердік".
Осы шешімнен кейін тағы бір қадам жасалды – олар қайтадан ата-ана болуды қалады.
"Біз бәріне баламыз жоқ деп айтатынбыз", – деп еске алды Крис.
Олар жасанды ұрықтандыруға жүгінді. Нәтижесінде екі қыз бен бір ұлға жүкті болды. Ерлі-зайыптылар бастапқыда бір ғана баланы қалаған. Бірақ ұрықтанған жасушаларды көргенде, мұны тағдырдың белгісі деп қабылдады.
Эшли, Элли және Джейк – Кайли, Эмма мен Кэтидің қазасынан тура бір жыл өткен соң дүниеге келген үшем.
"Олар Кайлиді, Эмманы және Кэтиді ешқашан алмастыра алмайды", – деді Лори. – "Бірақ біздің үйге қайтадан қуаныш оралды. Жүрегімізге жылу келді. Олар өмірімізді қайтадан махаббатқа, бақыт пен күлкіге толтырды".
Үшемдер өздеріне дейін отбасында тағы үш бала болғанын біледі. Олардың суреттері үйдің әр бұрышында ілулі, ата-анасы олар жайлы жиі әңгіме айтады. Балалар ата-анасымен бірге зиратқа да барады, кейде тіпті сол жерде шағын пикник жасайды. Ол жерде бәрі бірге. Ол жерде Кайли, Эмма мен Кэти ешқашан ұмытылмайды.