“Қыз Жібектің” қамзолы Алагөзоваға қалай келген? - Министрлік жауап берді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

1958 жылы іс-түссіз жоғалып кеткен бүтін бір отбасы 70 жылдан кейін табылды

1958 жылы іс-түссіз жоғалып кеткен бүтін бір отбасы 70 жылдан кейін табылды
The Oregonian via AP, file

1958 жылы АҚШ-тың Орегон штатында Мартиндер отбасы автокөлікпен жолға шыққаннан кейін із-түссіз жоғалып кеткен. Араға шамамен 70 жыл салып, олардың көлігі өзеннен табылып, сүйек қалдықтары сәйкестендірілді, деп хабарлайды kznews.kz People басылымына сілтеме жасап.

Отбасы 1958 жылдың желтоқсанында жоғалған. Болжам бойынша, олар Рождество мерекесіне арналған әшекейлер алу үшін Колумбия өзенінің шатқалына бағыт алған. Бірнеше айдан кейін олардың екі қызы — 13 жастағы Вирджиния мен 11 жастағы Сьюзеннің денелері табылған. Ал ата-анасы Кеннет пен Барбара, сондай-ақ үлкен қыздары — 14 жастағы Барбара («Барби») ұзақ уақыт бойы із-түссіз кеткендер қатарында қалып, ауқымды іздестіру жұмыстары нәтиже бермеген.

Іс тек ондаған жыл өткен соң қозғала бастады. 2024 жылы жеке сүңгуір су түбінен осы отбасына тиесілі болуы мүмкін автокөлікті анықтады. 2025 жылдың басында көлікті судан шығару әрекеті жасалғанымен, лайдың қалыңдығына байланысты тек қаңқасы мен жекелеген бөлшектері ғана көтерілді. Кейіннен адам сүйектері табылып, сараптамаға жіберілді.

Заттай дәлелдерді зерттеу нәтижесінде табылған көлік Мартиндер отбасына тиесілі екені расталды. Бұған дейін іздеу аумағы Каскад-Локс маңына дейін тарылған болатын, себебі Кеннет Мартин жоғалар алдында сол жерде жанармай құйғаны анықталған.

Сүйек қалдықтарын сәйкестендіру ДНҚ талдауы арқылы жүргізілді. Мамандар табылған денелердің бірінен генетикалық профиль алып, оны туыстарының деректерімен салыстырған. Нәтижесінде Кеннет Мартиннің жеке басы расталды. Сондай-ақ жиналған деректердің негізінде Барбара Мартин мен олардың қызы Барбидің де кім екені анықталды.

Айта кетейік, кейбір ДНҚ үлгілері қатты зақымданғандықтан, толық талдауға келмеген.

Жеке тұлғалары анықталғаннан кейін туыстарына хабар берілді. Отбасы бұл жағдайға байланысты ақпараттың құпия сақталуын сұрап, бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысудан бас тартқан.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер