Саясат

«Жойып жібереміз». Трамп Иранға ескерту жасады

«Жойып жібереміз». Трамп Иранға ескерту жасады

Иран басшылығы Вашингтонмен келісімге келмей, ядролық зымыран бағдарламаларын жалғастыратын болса, АҚШ елге қайта соққы жасауы мүмкін. Бұл туралы Ақ үй басшысы Дональд Трамп мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz Report-қа сілтеме жасап.

Трамптың айтуынша, АҚШ қарулы күштері Фордо, Натанз және Исфахан қалаларындағы Иранның ядролық нысандарына соққы жасамағанда, Таяу Шығыстағы жағдайды реттеу мүмкін болмас еді.

«Иран өз ядролық бағдарламасын қайта жалғастырып көруі мүмкін. Қалпына келтіру жұмыстарына көп уақыт керек болады, бірақ бұл ел бізбен мәмілеге келмей, бағдарламаны қайта жандырғысы келсе, біз оны толық жоямыз. Біз олардың зымырандарын да өте тез жойып жібере аламыз»,- деді АҚШ президенті.

Қараша айының басында Иранның сыртқы істер министрі Аббас Арагчи Al Jazeera телеарнасына берген сұхбатында ел басшылығы уранды бейбіт мақсатта байытуды жалғастыратынын және ядролық бағдарламаның болашағын талқылау мүмкін еместігін мәлімдеген. Ол ешбір ақыл-есі дұрыс адамның оның әскери компонентінен бас тартпайтынын атап өткен.

Еске салайық, 13 маусымға қараған түні Израиль Иранға әскери операция бастаған болатыг. Бір тәулік өтпей жатып, Иран жауап соққысын жасады. АҚШ 9 күн өткен соң ушыққан қақтығысқа араласып, Фордо, Натанз және Исфахан қалаларындағы Иранның ядролық нысандарына соққы берді.

23 маусым кешінде Иран Таяу Шығыстағы ең ірі америкалық әскери база — Катардағы Әл-Удейд әуе базасына шабуыл жасады. Осыдан кейін АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль мен Иранның бітімге келгенін жариялады. Бітім 24 маусымда күшіне енді.

Ұқсас материалдар

Барлығы

Жаңалықтар

Тағы жаңалық
KZNews.kz