Танымал әнші Жігер Ауыпбаев жеке өміріне қатысты жаңалығын бөлісіп, әлеуметтік желіде сүйіктісі Муминамен түскен суретін жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.
Өнер иесі жазбасында алдағы тойға ишара жасап, оқырмандарына әзіл-шыны аралас үндеу қалдырған.
"Тойға киетін көйлек алып, дайындала бересіздер", – деп жазды әнші.
Алайда желі қолданушыларының бір бөлігі оның бұл шешіміне түрлі пікір білдіріп, сынға алған. Кейбір пікірлерде жұптың сырт келбетіне қатысты жағымсыз көзқарастар да айтылған.
Өз кезегінде Жігер Ауыпбаев мұндай пікірлерге жауап беріп, ойын ашық жеткізді.
"Тұқымның майдалануы бойға байланысты емес, бәлкім ойдың қысқалығынан шығар. Тұқымға күмән келтірмеңіздер", – деді ол.
Қазіргі таңда әншінің бұл жауабы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.