Қазақстан соғысқа дайындалып жатқан жоқ – Айдос Сарым
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жуынатын бөлмеге телефон алып кірген оқушы қыз ажал құшты

Жуынатын бөлмеге телефон алып кірген оқушы қыз ажал құшты

Ресейдің Братск қаласында 2008 жылы туған қыз тоқ соғып көз жұмды, ол жуынатын бөлмеге телефон алып кірген. Оқиғаға қатысты тексеріс басталды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

РФ тергеу комитеті өңірлік департаментінің баспасөз қызметі.

"Тергеушілер қыздың ұялы телефонмен ваннаға кіргенін анықтады. Оқиға орнында кәмелетке толмаған қыздың қолынан желіге қосылған қуаттау құрылғысының сымы табылды. Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша өлімге электр жарақаты себеп болған. Тергеу бөлімі тергеуге дейінгі тексерісті бастады", — делінген хабарламада.

Тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтайды. Тексеріс қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Айта кетейік, Братск қаласында осыған ұқсас жағдай 2018 жылдың желтоқсанында болған. Ол кезде панкратионнан Ресей чемпионы қаза тапқан еді. 15 жастағы қыз смартфонды ваннада қуаттағанда телефон суға түсіп кеткен.

Автор
Нұрсұлтан