«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жүрсін Ерман Ұлытау облысының “Құрметті азаматы” атанды (фото)

Жүрсін Ерман Ұлытау облысының “Құрметті азаматы” атанды (фото)

Жақында денсаулығы сыр беріп, жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан айтыс ұйымдастырушысы Жүрсін Ерманға Ұлытау облысының "Құрметті азаматы" атағы берілді, деп жазады Kznews.kz тілшісі.

Бұл жайлы айтыскерлердің бірі Марат Ахметов Instagram парақшасында жариялады. "Ұстазым Жүрсін Молдашұлын Ұлытау облысының “Құрметті азаматы” атағын алуымен шын жүректен құттықтаймын. Республика күні қарсаңында табыс етілуі керек марапат бүгін келіп жатыр екен. Келесі атақтарды аяғыңызбен аттай шауып барып, қасиетті қолыңызбен ала беріңіз", - деп жазды айтыскер.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын желіде ақын, айтыс ұйымдастырушысы Жүрсін Ерманның жансақтау бөліміне түскені жайлы ақпарат тараған болатын. Кейін ақынның қызы әкесінің жағдайы туралы айтты. Арада біраз уақыт өткенде Жүрсін Ерманның денсаулығы жақсарып, үйіне оралды.

Автор
Нұрсұлтан