“Жұбайымды шәкіртіме әйелдікке бердім” деген тұрғын жауапкершілікке тартылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Журналисті өлтіруге тапсырыс берген бұрынғы шенеунік 11 жылға бас бостандығынан айырылды

Журналисті өлтіруге тапсырыс берген бұрынғы шенеунік 11 жылға бас бостандығынан айырылды

Түркістан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Сарыағаш аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің бұрынғы бастығы Бауыржан Майриховты 11 жыл 3 айға қамауға алды. Ол "Сарыағаш – информ" республикалық газетінің редакторы-бастығы Амангелді Батырбековты өлтіруге тапсырыс берді деп айыпталды.

Бұрынғы шенеуніктің сыбайластары да жаза алды. Сабыржан Молдаходжаев 11 жылға, Абдухамит Қуандықов 13 жылға, Мейіржан Досболаев пен Нұрғали Қыдыралиев 12 жылға бас бостандығынан айырылды.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 3 қаңтарында әлеуметтік желілер мен БАҚ-та белгілі журналистің ұлы жараланған Сарыағаш ауданындағы үйіне жасалған шабуыл туралы ақпарат тараған болатын. Кейінірек полицияға бес адам ұсталып, қылмыстық іс қозғалды деп хабарланды.

Айыптау актісіне сәйкес, журналист Амангелді Батырбеков өзінің Facebook парақшасында Сарыағаш аудандық білім бөлімінің қызметкерлері мен басшылығының іс-әрекеттері туралы сын мақалалар жазған. Осы материалдар негізінде білім бөлімінің бастығы Майрихов жұмыстан шығарылды. Бұл үшін кек алып, ол Батырбековты қасақана өлтіруді ұйымдастырды және тапсырды деген айып тағылды.

Фото: threatpost.ru, ақпарат: http://t.me/orda_kz

Автор
Нұрсұлтан