Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Журналист Думан Мұхаметкәрім тағы да 25 тәулікке қамалды

Журналист Думан Мұхаметкәрім тағы да 25 тәулікке қамалды

Журналист Думан Мұхаметкәрім тағы 25 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.



Журналист кеше ұсталған. Адвокат Ғалым Нұрпейісовтің айтуынша, полиция қызметкері Думан Мұхаметкәрімге қоңырау шалып, ӘҚБтК-нің 488-бабын (ҚР бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзу) бұзғанын және осыған байланысты Іле аудандық полиция бөліміне "хаттаманы толтыру үшін" келу керегін айтқан.


Еске салайық, 30 қаңтарда YouTube-тегі «Не дейді» арнасының авторы, қаңтар оқиғасын белсенді жариялаған журналист Думан Мұхаметкәрім Мәжілістегі сайлау додасынан шеттетілді.

20 наурызда Думан Мұхаметкәрім Facebook желісінде жазба жариялап, 21 наурыз күні түстен кейін алаңға шығатынын мәлімдеп, өзгелерді де оған қосылуға шақырды.

21 наурызда оның 25 тәулікке қамауға алынғаны белгілі болды. Қамауда отырғанда журналист аштық жариялады.

15 сәуірде ол қамаудан босатылып, халықты тағы да митингке шақыратынын мәлімдеді.

Автор
Еркебұлан