KZNews.kz
Танымал

Журналист Диас Ахметшәріп инсульт алып, комаға түсті

Торғын Абушахман

Журналист Диас Ахметшәріп миына қан құйылып, комаға түсті. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиға Ақтауда өткен ішкі істер министрлігінің көшпелі отырысы кезінде болған. Дәрігерлер оның жағдайын аса ауыр деп бағалап отыр.

Диас Ахметшәріп 1997 жылы Қазақ радиосында тілші болып еңбек жолын бастаған. Ұзақ жылдар бойы "Хабар" және "Қазақстан" телеарналарында спорт журналисі болып қызмет етті.

Ол мемлекеттік "Қазспорт" телеарнасының алғашқы директоры болды, сондай-ақ "Insport" телеарнасының бас редакторы қызметін атқарды.

2003 жылдан 2007 жылға дейін спорт және туризм істері агенттігінің баспасөз қызметінің жетекшісі, баспасөз хатшысы қызметін атқарды.

Кейінгі жылдары Диас Ахметшәріп түрлі мемлекеттік органдарда баспасөз хатшысы болып жұмыс істеді.

Торғын Абушахман
Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →