Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Журналист Әлия Әшім Абай үйін түсірген видеосы үшін сынға ұшырады

Журналист Әлия Әшім Абай үйін түсірген видеосы үшін сынға ұшырады

Белгілі журналист, блогер және документалист Әлия Әшім ұлы ақын Абай Құнанбайұлының тарихи үйін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялағаннан кейін көпшіліктің сынына ұшырады,деп хабарлайды Kznews.kz

Видеоның бір бөлігінде ол: «Абай мен Ділдә неткен бөлме» — деп пікір білдірген. Бұл сөздер желі қолданушыларының ашуын туғызып, кең көлемде талқыланды.

Тарихпен байланысты фильмдер мен деректі жобалар дайындайтын журналист бұл сапар барысында Семей өңіріндегі Абайдың тарихи үйінде болған. Ол бөлменің Абай мен оның бірінші әйелі Ділдәнікі екенін айтып, оны заманауи стильдегі сөзбен сипаттап өтті. Алайда дәл осы тұсы кәсіби мамандар мен желі қолданушылары арасында дау тудырды.

Танымал тілші, публицист Ертай Нүсіпжанұлы журналистің бұл әрекетіне қатаң пікір білдірді. Оның айтуынша, ұлттық мұра саналатын тарихи орындар мен тұлғалар туралы сөйлеу стилі ерекше әдеп пен жауапкершілік талап етеді.

“Абай – қазақ руханиятының асқақ шыңы. Оның өмірі мен шығармашылығына қатысты әрбір деталь — халқымыздың тарихи жадында орны бар құндылық. Оған жеңілтек тілмен қарау – рухани мұраға құрметсіздік,” – деді Ертай Нүсіпжанұлы өз мәлімдемесінде.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.