KZNews.kz
Құқық

Жүргізушілердің ығырын шығарды: Мәжілісте Астанадағы ақылы автотұрақтар мәселесі көтерілді

Азамат Қойшығара
GOV.KZ

Мәжіліс депутаты Асылбек Нұралин елордадағы автотұрақтар жағдайына қатысты Үкіметке депутаттық сауал жолдады. Оның айтуынша, жүргізушілердің шағымдары жылдан-жылға артып, қолданыстағы жүйеде азаматтардың құқықтарына қайшы келетін жағдайлар жиілеп отыр.

Автокөлік саны жылдан-жылға өсіп жатыр

Депутат келтірген деректерге сәйкес, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Астанада 460 мыңға жуық автокөлік тіркелген. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 14,8%-ға көп. Бұған қоса, күн сайын қалаға қала маңы мен өзге өңірлерден тағы шамамен 30 мың көлік кіреді. Мұндай жүктеме елорданың көлік инфрақұрылымына айтарлықтай қысым түсіріп отыр.

Бұған дейін депутаттар бастамасымен мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелердің жұмыс кестесі қайта қаралған болатын. Дегенмен соңғы кездері қала тұрғындарынан автотұрақтың ұйымдастырылуы мен төлем тәртібіне байланысты шағымдар жиілей түскен.

Автотұрақтың айыппұлы қалтаға ауыр соғады

Нұралиннің айтуынша, қазіргі жүйеде мынадай мәселелер бар:

«Негізінен, автотұрақ операторларының қызметі тек төлем жинаумен шектелуде. Бұл мемлекет пен азамат мүдделерінің тепе-теңдігіне, сондай-ақ жолдар мен қалалық инфрақұрылымды еркін пайдалануға қатысты конституциялық құқықтардың орындалуына күмән тудырады», – деді депутат.

Халық қалаулысы қандай шаралар ұсынды?

Мәжілісмен Үкіметке мынадай ұсыныстар енгізді:

«Мемлекет басшысы атап өткендей, цифрландыру мен жасанды интеллект технологиялары азаматтардың өмір сапасы мен қолайлылығын арттыруға бағытталуы тиіс. Сондықтан бұл ұсыныстарды қарастырып, заңда белгіленген мерзімде ресми жауап беруді сұраймыз», – деді Асылбек Нұралин.

Биыл наурыз айында елордалық әкімдік жеке автотұрақ иесімен келісімшартты бұзатынын хабарлаған еді. Бұл процесс өткен жылдың желтоқсанында басталған. Қазіргі уақытта компанияға тиесілі мүлікті мемлекетке өткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Азамат Қойшығара
Автордың басқа материалдары