Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жүргізуші куәлігін алу енді «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асады

Жүргізуші куәлігін алу енді «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асады
Egov

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алғаш рет рәсімдеу енді «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы онлайн қолжетімді болды, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы.

Енді азаматтар өтінішті мамандандырылған ХҚО-ға бармай-ақ, қосымша арқылы бере алады. Жүйе медициналық анықтама мен автомектепті аяқтау туралы куәлікті, сондай-ақ шектеулердің болуын мемлекеттік деректер базасы арқылы автоматты түрде тексереді.

Өтініш жіберілгеннен кейін пайдаланушы өзіне ыңғайлы уақытта теориялық және практикалық емтихандарға онлайн жазыла алады. Мемлекеттік баж төлемі емтиханды сәтті тапсырған соң ХҚО бөлімінде төленеді.

Қызмет еліміздің барлық өңірінде қолжетімді және 2026 жылдың 1 қыркүйегіне дейін пилоттық режимде жұмыс істейді.

Жаңа формат жүргізуші куәлігін алғаш рет алушылар үшін рәсімдеу процесін айтарлықтай жеңілдетіп, жылдам әрі ыңғайлы етті.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.