Министрлік Бибісара Асаубаеваның жалақысы неге азайғанын түсіндірді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Айлық азық-түлікке ғана кетіп жатыр: Мәжілісте ең төменгі жалақы мәселесі көтерілді

Айлық азық-түлікке ғана кетіп жатыр: Мәжілісте ең төменгі жалақы мәселесі көтерілді
Мәжіліс

Мәжіліс депутаттары еліміздегі ең төменгі жалақыны көтеру мәселесін қайта көтеріп, қымбатшылық халықтың табысына барған сайын ауыр салмақ түсіріп жатқанын айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Депутат Асхат Рахимжановтың айтуынша, соңғы бір жылда азық-түлік бағасы 13,5%-ға қымбаттаған, ал азаматтардың тамаққа жұмсайтын шығыны жалпы тұтыну шығындарының 52%-ын құрап отыр.

Парламенттегілердің пікірінше, бұл ресми деректердің өзі шынайы жағдайды толық көрсетпеуі мүмкін, себебі отбасыларға коммуналдық қызмет тарифтерінің өсуі мен басқа да міндетті шығындар қосымша қысым түсіруде.

«Егер ресми мәліметтердің өзі осындай болса, шынайы өмірде жағдай бұдан да қиын. Бұл – азаматтардың негізгі табысының басым бөлігі қарапайым азық-түлікке кетіп, күн көріс үшін күресіп отырғанын білдіреді», – деді Рахимжанов.

Депутат сонымен қатар халықтың нақты табысының төмендеуіне назар аударды. Орташа жалақы номиналды түрде өскенімен, инфляцияны есептегенде нақты жалақы 3,2%-ға төмендегені айтылды.

Осыған байланысты мәжілісмендер ең төменгі жалақы деңгейін қайта қарауды ұсынып, оның халықтың сатып алу қабілетін арттыруға және отбасыларға түсетін салмақты азайтуға көмектесуі керектігін алға тартты.

Мәжіліс депутаттары ең төменгі жалақыны көтеру мәселесін азық-түлік бағасының өсуі, коммуналдық қызмет тарифтері және жалпы инфляция деңгейімен бірге қарастыру қажет екенін атап өтті.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.