Пессимистік сценарий жүзеге асқан жағдайда Қазақстанда жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) орташа өсімі 3,2 пайыз деңгейінде болжанып отыр.
Серік Жұманғариннің айтуынша, үкімет базалық сценарийді басшылыққа алып, халықаралық ұйымдардың болжамдарын ескереді. Ал экономикалық жағдай нашарлаған жағдайда үкімет бюджетке қайта есептеу жүргізіп, шығындарды қысқартуы мүмкін.
Алайда министр шығындардың нақты қай бағыттары қысқартылуы ықтимал екенін айтпады.
Базалық сценарий бойынша үкімет мұнай бағасын барреліне 70 доллар деңгейінде белгілеп, жыл сайынғы жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) өсімін 5 пайыздан жоғары болады деп болжап отыр.
Ал Ұлттық банктің 2027 жылға арналған болжамы өзгеше. Реттеуші келесі жылы Қазақстан экономикасының өсімі 3,5 пайыз болады деп күтеді.