Олжас Бектенов Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модимен кездесті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Референдумнан кейін доллар бағамы өсе ме: Ұлттық банк жауап берді

Референдумнан кейін доллар бағамы өсе ме: Ұлттық банк жауап берді
Фото: zakon.kz

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов АҚШ доллары бағамының арзандауы неге байланысты екенін айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Сенат кулуарында журналистер Қазақстанда доллар айтарлықтай арзандағанын айтып, бұл жағдай алдағы референдуммен байланысты болуы мүмкін бе деген сұрақ қойды.

Шолпанқұловтың айтуынша, доллар бағамы сұраныс пен ұсынысқа байланысты өзгереді.

"Қазіргі жағдай сұраныс азайып, ұсыныс көбейді, сондықтан бағам төмендеген. Бұл таза экономикалық процес", – деді ол.

Журналистердің референдумнан кейін доллар бағамы күрт өсе ме әлде керісінше тағы да төмендей ме деген сұрағына Шолпанқұлов былай деп жауап берді.

«Бұл  нарықтық заңдылығы. Сұраныс пен ұсыныс негізінде бағам бекітіледі. Мұнда реттеушінің ықпалы жоқ. Нарық қатысушыларының әрекетіне қарай валюта бағамы айқындалады», – дейді Шолпанқұлов.

Еске салсақ, бүгін биржада доллар бағамы 490 теңгеден төмен түсті. Бір тәулікте екі теңгеге төмендеді.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі