Әнші Сәкен Майғазиевтің анасы дүниеден өтті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жұманғарин доллар бағамы қандай жағдайда 520 теңге болатынын айтты

Жұманғарин доллар бағамы қандай жағдайда 520 теңге болатынын айтты
Фото:depositphotos.com

Экономикалық дамудың пессимистік сценарийі бойынша доллар бағамы 520 теңгеге дейін жетуі, ал мұнай бағасы барреліне 50 долларға дейін төмендеуі мүмкін. Бұл туралы Құрылтайдың пленарлық отырысында премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Пессимистік сценарий жүзеге асқан жағдайда Қазақстанда жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) орташа өсімі 3,2 пайыз деңгейінде болжанып отыр.

Серік Жұманғариннің айтуынша, үкімет базалық сценарийді басшылыққа алып, халықаралық ұйымдардың болжамдарын ескереді. Ал экономикалық жағдай нашарлаған жағдайда үкімет бюджетке қайта есептеу жүргізіп, шығындарды қысқартуы мүмкін.

Алайда министр шығындардың нақты қай бағыттары қысқартылуы ықтимал екенін айтпады.

Базалық сценарий бойынша үкімет мұнай бағасын барреліне 70 доллар деңгейінде белгілеп, жыл сайынғы жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) өсімін 5 пайыздан жоғары болады деп болжап отыр.

Ал Ұлттық банктің 2027 жылға арналған болжамы өзгеше. Реттеуші келесі жылы Қазақстан экономикасының өсімі 3,5 пайыз болады деп күтеді.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі