"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

ЖҮКТІ ЖӘНЕ ЕМІЗУЛІ ӘЙЕЛДЕРГЕ ОРАЗА ҰСТАУҒА БОЛА МА

ЖҮКТІ ЖӘНЕ ЕМІЗУЛІ ӘЙЕЛДЕРГЕ ОРАЗА ҰСТАУҒА БОЛА МА

Әнастан (Алла оған разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны хабарланады: «Ұлы әрі Құдіретті Алла сапардағыларды оразаның ауыртпалығынан және намаздың жартысынан, ал жүкті және емізулі әйелдерді оразаның ауыртпалығынан босатты». (Тирмизи, Әбу Дауд)

Ғалымдар: «Егер жүкті және емізулі әйелдер жатырындағы нәресте және баласы үшін қауіптенсе, онда олар ораза ұстамаулары керек, ал егер қауіптенбесе, онда оларға ораза ұстамауға тыйым салынады!» дейді.
Демек, жүкті және емізулі әйелдер өзі немесе баласы үшін қауіп сезінсе ғана оразасын тоқтата алады. Алайда, егер олар ораза ұстай алса, онда оларға оразаны қалдыруға тыйым салынады, өйткені Алла Тағала: «... ал сендер үшін ораза ұстау жақсырақ, сендер білсеңдер еді!» деген. («Бақара» сүресі, 183-аят)

Сөйтіп, жүкті және емізулі әйелдер, көпшіліктің ойлайтынындай, жай жүктілігі мен бала емізетіндігі себепті емес, баласы, не өзі үшін қауіптенсе ғана (яғни белгілі себебі болса ғана) ораза ұстамауына болады. Егер ораза ұстаған әйел баласын емізсе немесе нәрестесінің нәжісін тазаласа, я болмаса сол нәжісті ұстаса, оның оразасы бұзылмайды.


zharar.com
Автор
Мадияр