"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жүкті әйелдер үйде босанады деген қауесет тарады: Біртанов не дейді?

Жүкті әйелдер үйде босанады деген қауесет тарады: Біртанов не дейді?

Қазақстан астанасы мен Алматыдағы перзентханалар қалыпты режимде жұмыс істейді, деп түсіндірді денсаулық сақтау министрлігінің басшысы

НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз – Sputnik. Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Елжан Біртанов карантинге байланысты Алматы мен Нұр-Сұлтанда жүкті әйелдер үйде босанады деген қауесетті жоққа шығарды.

"Жүкті әйелдерге қатысты ақпарат жалған. Алматы мен Нұр-Сұлтандағы барлық медициналық орталық, перзентханалар қалыпты жоспарлы режимде жұмыс істейді. Қажет болған кезде жүкті әйелдер жедел жәрдеммен немесе өздері перзентханаға бара алады", - деді министр дүйсенбідегі брифингте.

Ол сонымен қатар, қазақстандық зертханалар жедел тестер арқылы коронавирус диагностикасының көлемін екі есеге арттыра алатынын атап өтті. Тағы 300 мың тест сатып алынды, Қазақстанда барлығы 600 мың экспресс-тест сатып алынады, сонымен қатар жаңа зертханалар іске қосылады.

Оқи отырыңыз: Біртанов карантиннің қай уақытқа дейін созылатынын айтты

Қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирус жұқтырған адамдардың саны 308 адамға жетті, 21 науқас емделіп шықты, бір әйел қайтыс болды.


sputniknews.kz
Автор
Еркебұлан