Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жол апатынан бір түнде 15 адам қаза тапты

Жол апатынан бір түнде 15 адам қаза тапты
Фото: ҚазАвтоЖол

Алғашқы оқиға 13 қыркүйек күні түнгі 23:30 шамасында Қарағанды облысында болды. Ford Mondeo жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, Changan көлігімен соқтығысып, бес адам көз жұмды.

Екі сағаттан кейін Жетісу облысында Nissan Cefiro жүргізушісі қарсы бағытқа шығып, Lada мен Chevrolet Cobalt көліктеріне соғылды. Нәтижесінде 10 адам, оның ішінде бала да бар, қаза тапты.

Мамандардың айтуынша, екі жол да жөндеуден өткен, бірақ тегіс трасса кей жүргізушілерді жылдамдықты асыруға итермелейді.

Полиция жүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.