«Жігіттер» тобының мүшесі, әнші Мырзахан Маханов өміріндегі маңызды қадамдардың бірін жасап, шаңырақ көтерді. Өнер иесінің үйлену тойы туралы қуанышты хабарды әріптесі Бағлан Әбдірайымов әлеуметтік желіде бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.
Ол әріптесіне ақ тілегін арнап, жаңа құрылған отбасына бақыт тіледі.
Мырзахан Махановтың үйленгені туралы жаңалық әлеуметтік желі қолданушыларының да назарын аударды. Өнер иесінің жанкүйерлері жас жұбайларға жылы лебіздерін білдіріп, отбасыларына береке мен баянды ғұмыр тілеуде.