Алматылықтардың үрейін алған "қайыршы" жасөспірімдерді полиция ұстады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Жігітіңе өткеніңді айтамын": Ақмола облысында әйел құрбысын жезөкшелікке мәжбүрлеген

"Жігітіңе өткеніңді айтамын": Ақмола облысында әйел құрбысын жезөкшелікке мәжбүрлеген

Ақмола полицейлері жезөкшелікпен айналысуға үгіттеген қылмыстың жолын кесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ақмола облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеп хабарлайды.

Ақмола полицейлері жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген қылмыстың жолын кесті. Жедел уәкілдер 28 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ол өзінің бұрыннан таныс адамын интимдік қызмет көрсетуге мәжбүрлеген.

Күдікті жәбірленушіні бұрын екеуі айналысқан ортақ кәсіп туралы ақпаратты жариялаймын деп қорқытқан. Күдікті жәбірленушінің өткен өмірі туралы жас жігітіне айтамын деген сес көрсеткен.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша "жезөкшелікпен айналысуға тарту" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Куәгерлер мен дәлелді айғақтары бар. Егер қылмысы расталса, әйел үш жылға дейін түрмеге тоғытылуы мүмкін.

Автор
Айбар