ка

ЖХЛ. «Сарыарқа» плэй-оффтың ширек финалына жолдама алды

05.03.2019 02:17
0
3

Қарағандылық «Сарыарқа» ЖХЛ плэй-офф кезеңінің 1/8 финалында «Юграға» қарсы үшінші матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қарағандыда өткен кездесуде айдын иелері 4:2 есебімен жеңіске жетті. «Сарыарқа» сапынан Павел Махановский, Айрат Зиазов, Артур Сарваров пен Кирилл Тамбиев шайба салды.

Осылайша, қазақстандық команда серияда 3:0 есебімен жеңіске жетіп, ЖХЛ плэй-оффының 1/4 финалына шықты.

«Сарыарқа» (Қарағанды) - «Югра» (Ханты-Мансийск) - 4:2 (3:0, 0:0, 1:2)

1:0 - Махановский (Тамбиев) - 05:44 ГБ
2:0 - Зиазов (Ремов, Тамбиев) - 08:20
3:0 - Сарваров (Тамбиев) - 09:32 ГБ
3:1 - Ващенко (Пилипенко, Берлев) - 45:00
4:1 - Тамбиев (Ремов) - 47:00 ГБ
4:2 - Пилипенко (Матерухин, Берлев) - 58:34 ГБ

Серия есебі: «Югра» - «Сарыарқа» 0:3 (2:3, 1:2 ОТ, 2:4)


Дереккөз: prosports.kz/kz
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий