Желіде ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жезқазғанда басқарудан шығып кеткен көлік бір топ адамды қағып кетті

Жезқазғанда басқарудан шығып кеткен көлік бір топ адамды қағып кетті
Жезқазғанда шетелдік көлік бес адамды қағып кетті, деп хабарлайды Kznews.kz.

Редакцияға кері бағытта келе жатқан шетелдік көлік жол жиегінде тұрған бес адамды қағып кеткен видео келді.Біраз уақыттан кейін көліктен бір бала түсіп, қашып кеткен. Қасында бір әйел болды, ол біраз уақыттан кейін баланың соңынан ереді.

Болған жайтқа қатысты Ұлытау облыстық ПД баспасөз қызметі түсініктеме берді.

"Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ, бірақ түрлі жарақат алған төрт жаяу адам ауруханаға жатқызылды. Тиісті сараптама тағайындалды", - деп хабарлады полиция департаментінен.

Полицейлер көлікте отырған бес жасар баланың қол тежегішті босатып жібергенін анықтады. Салдарынан көлік өздігінен жүріп, адамдарды қағып кеткен.

2024 жылдың ақпан айында Астанада 15 жасар оқушы кроссоверді басқарып, апатқа ұшырған..

Автор
Нұрсұлтан