Оның айтуынша, бұл бастама әйелдердің тең құқығын қорғап, гендерлік тепе-теңдікті нығайтады.
“Қазір теңдік заманы. Ерлердің есімі тарихта қалса, әйелдердің де аты аталуы керек. Әйелдердің өмір сүру ұзақтығы да ерлерден шамамен 7–8 жылға көп”, – дейді Рыспаев.
Дегенмен шежірешілер бұл ұсынысқа қарсы. Маман Нұрбатыр Болатбеков “қыздарды шежіреге қосу қанның бұзылуына, генетикалық аурулардың көбеюіне әкелуі мүмкін” деп есептейді.
“Ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрді бұзуға болмайды. Қанның тазалығы – ұлттың тазалығы”, – деді ол.
Жаңа идеяға қоғам да екіге бөлінді: бір бөлігі әйелдердің де шежіреде аталуы дұрыс десе, енді бірі “ұрпақ араласып кетеді” деп қарсы пікір білдірді.