Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жер жаһан мені жағымпаз деп ойласа да, Елбасын ерекше жақсы көрем - Балғынбек Имашев

Жер жаһан мені жағымпаз деп ойласа да, Елбасын ерекше жақсы көрем - Балғынбек Имашев

Ақын Балғынбек Имашев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты ерекше жақсы көретіні туралы жазды. Оған қоса, Қасым-Жомарт Тоқаевқа да, Иманғали Тасмағамбетовке де сүйіспеншілігі ерекше екенін жасырмады. Бұл туралы ақын желідегі парақшасында жазба қалдырды, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

«Жер жаһан мені жағымпаз деп ойласа да өз басым Елбасын ерекше жақсы көрем. Бұл жүрегіме Алла салған сүйіспеншілік. Сондай-ақ, Әбіш Кекілбаевты да, Мырзатай Жолдасбековті де, Қасымжомарт Кемелұлын да, Иманғали Нұрғалиұлын да, Қырымбек Елеуұлын да, Бердібек Мәшбекұлын да жақсы көрем.

Бұлар мен үшін әкім, премьер, мем.хатшы, президент т.б емес, Тәуелсіз Қазақстанның ең қиын кезеңінде барлық күш-жігерін, қажыр-қайратын ел үшін сарп еткен қазақтың арда ұлдары. Бұл тізімді жалғастыра берсе болады, бірақ, мақсат біреуді мақтап, оған жағыну емес.
Мендегі қорқыныш - ендігі буында мұндай іскер, жанкешті, тәжірибелі, мықты кадрлар болмайды-ау. Кілең саудагер, кәсіпкер, бизнесмен, менеджер, пиармен, космополит кадрлар келетін сияқты», - деп жазды ол.
Автор
Нұрсұлтан