Желіде ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жер бетіндегі ең қарт адам тағы бір жасқа қартайды

Жер бетіндегі ең қарт адам тағы бір жасқа қартайды

Әйел каталондық Жиронадағы қарттар үйінде тұрады. Ол 117-ге толды, деп хабарлайды Kznews.kz.


Мария – Памплонадағы журналистің қызы. Ол 1907 жылы 4 наурызда Сан-Францискода дүниеге келген. Кейіннен отбасы Испанияға оралған, бірақ саяхат кезінде Марияның әкесі туберкулез жұқтырып, қайтыс болған. Ал өзінің бір құлағы естімей қалған.

Оның үш баласы және 11 немересі бар. Бір ұлы Августо жол апатынан қайтыс болған.

Егер Мария тағы 65 күн өмір сүрсе, ол тарихтағы ең ірі ресми тіркелген, ғұмыры ұзақ адамдардың ондығына кіреді. Алғашқы ондықта бірде-бір ер адам жоқ.

БҰҰ мәліметтері бойынша әлемдегі орташа өмір сүру ұзақтығы 72,8 жыл. Қазіргі уақытта абсолютті рекорд 122,5 жыл өмір сүрген француз әйелі Жанна Кальманға тиесілі.

Автор
Нұрсұлтан