KZNews.kz
Шоу-бизнес

"Жеңді, бірақ әсер қалдырмады": Данияр Елеусінов кәсіби рингтегі алтыншы жеңісіне қол жеткізді - Қазақстан жаңалықтары

Санжар

Қазақстандық боксшы, Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусінов кәсіби рингтегі алтыншы кездесуін өткізді. Бұл туралы Stan.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.


Ол Филадельфияда (Пенсильвания штаты, АҚШ) Liacouras Center аренасында өткен бокс кешінде өнер көрсетті. Елеусіновтің қарсыласы - 36 жастағы мексикалық Сильверио Ортис (37-23, 18 КО) болды. 

Жартылай орта салмақтағы кездесу 8 раундқа жоспарланған болатын. Жекпе-жек төрешілердің шешімімен Елеусіновтің пайдасына шешілді. 

Осылайша Данияр кәсіби рингтегі алтыншы жеңісіне қол жеткізді. Олардың үшеуін қазақстандық боксшы нокаутпен аяқтаған. Ортис болса кәсіби мансабында 24-ші жеңіліске ұшырады. 

Айта кетейік, Елеусіновтің кәсіби рингке келгеніне сәуірде бір жыл болады. Биыл боксшы чемпиондық белбеулер үшін таласады деп күтілуде. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.


stan.kz
Санжар
Журналист
Автордың басқа материалдары →