Шоу-бизнес

Желіде Олжас Абайдың келіншегімен түскен фотосы тарады

Желіде Олжас Абайдың келіншегімен түскен фотосы тарады
Фото: ашықдереккөз

Бейнежазбада Олжас Абай жары Аймирамен бірге бағдарламаға қатысып, оны алғаш рет көпшілікке таныстырған сәт көрсетілген. Бағдарлама барысында ол жұбайының ән айту қабілеті барын, қазіргі уақытта бала тәрбиесімен үйде отырғанын айтады.

Желі қолданушысының жазбасында:

“Олжас Абайдың жұбайы да – өнер адамы. 2016 жылғы ‘Не хабар?’ бағдарламасындағы үзіндіден олардың отбасындағы жылулық пен сыйластық сезіледі. Аймиранның көзқарасынан ұяңдық пен нәзіктік байқалады. Сол бейнені көріп отырып, қазіргі айтылып жүрген әңгімелерге сенгің келмейді. Адамның талғамы уақыт өте өзгере ме, әлде атақ пен ақшаның әсері ме? Әлде ‘Жәудіреген бір сенің көзің үшін’ деп бәрін махаббат жолында құрбан еткен бе? Әлде барлығы хайп па?” – деп жазылған.

Бейнежазба жарияланғаннан кейін пікір қалдырушылар екіге бөлінді: бір бөлігі ерлі-зайыптылардың өткенін сағынышпен еске алса, енді біреулер қазіргі жағдайға байланысты түрлі болжамдар айтып, пікірталас тудырды.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz