Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Желіде Мейрамбек Беспаев пен Тоқтар Серіковтің еш жерде жоқ суреті тарады (ФОТО)

Желіде Мейрамбек Беспаев пен Тоқтар Серіковтің еш жерде жоқ суреті тарады (ФОТО)
Фото: желіден алынды

Желіде қазақстандық эстраданың танымал өкілдері Мейрамбек Бесбаев пен Тоқтар Серіковтің жастық шағында түсірілген сирек фотосы тарады, деп хабарлайды kznews.kz.

Көпшіліктің назарын аударған суретті дәстүрлі әнші, термеші Айгүл Елшібаева Instagram-парақшасында жариялап, оның тарихын баяндады. Оның айтуынша, фото 1994 жылы Алматы қаласында түсірілген және Тоқтар мен Мейрамбектің туған күніне арналған естелік ретінде сақталған.

Жазбада қызықты бір жайт та айтылды. Фотода екі өнерпаздың жасы 18 деп көрсетілгенімен, сол кезеңде Тоқтар Серіковтің 19-ға толғаны белгілі болған. «Тоқтар жасы кішірейіп көрінгісі келді ме, әлде басқа себебі бар ма – белгісіз», – деп Айгүл Елшібаева бұл сәтті әзілмен еске алды.

Жарияланым желі қолданушылары арасында ностальгиялық көңіл күй тудырып, жылы пікірлерге ұласты. Көпшілік сол жылдардағы студенттік дастарханды, жастардың киім үлгісін, үстел үстіндегі түрлі-түсті сусындарды атап өтті. Ал кейбір қолданушылар қос әншінің сол кездегі образын, әсіресе мұрттарын ерекше ықыласпен қабылдады.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.