Қазақстанда денсаулық және туризм вице-министрі тағайындалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Әлеуметтік желіде Нұрлан Әлімжанның жұбайымен түскен фотосы тарады

Әлеуметтік желіде Нұрлан Әлімжанның жұбайымен түскен фотосы тарады

Әлеуметтік желіде актер Нұрлан Әлімжанның жұбайымен бірге түскен фотосы таралып, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды kznews.kz.

Суретті TikTok қолданушыларының бірі жариялап, актермен құдандалы болып жатқанын жеткізген.

«Күйеу баламыздың ағасы Нұрлан Әлімжан жұбайы Аяжанмен», – деп жазды ол.

Жеке өмірін көпшілік назарынан тыс ұстайтын актердің отбасылық суреті желіде кеңінен талқыланды. Пікір білдірушілердің бір бөлігі оның жұбайының сұлулығына тәнті болса, енді бірі актердің әнші Әйгерім Қалаубаевамен бірге жиі видео түсіретінін сөз етті.

Желі қолданушылары: «Келіншегі өте сұлу екен», «Әдемі жары бар екен», «Әйелі Әйгерімге ұқсайды екен», «Әйелі бар болса, неге Қалаубаевамен жиі видео түсіреді?» деген секілді түрлі пікірлер қалдырған.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.