"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Желіде балабақшадағы сұмдықтың видеосы тарады (видео)

Желіде балабақшадағы сұмдықтың видеосы тарады (видео)

Желіде Талдықорғандағы балабақшалардың бірінде болған сұмдық жағдайдың видеосы тарады. Онда тәрбиешліредің балаларды ұрғаны түсіп қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі. 

Instagram желісіндегі талдықорғандық пабликтердің бірінде бақылау камерасына түсірілген видеожазба жарияланды. Онда оқиғаның 2 шілдеде қаланың орталығындағы балабақшада орын алғаны жазылған. 

Видео авторы 2,5 жастағы баласының аталған балабақшаға баратынын айтты. 

Видео кадрларынан тәрбиешінің балалардың басынан, арқасынан ұрғаны көрінеді. 

«Қараңыздаршы, тәрбиеші балаларды ұрып-соғуда, ал күтушілер күліп тұр. Шет жақта үстел басында балам мен оның досы отыр. Тыныш отыр. Ойнамайды. Тәрбиешінің сөзінше, олар түкірген. Сол үшін ұрыпты», - деп жазды әйел. 

Оның айтуынша, балабақшадағы балалардың бірінің анасы оның денесінен көгерген іздерді көріп, бақылау камерасындағы жазбаны тексеруді ұйғарған. Ата-аналар видеожазбаны көріп, қайран қалды, дейді ол.

Кадр сыртында олардың әңгімесі естіледі. Олардың бірі балабақша әкімшілігінің өкілі болуы мүмкін. Ол тәрбиешіні қызметінен босата алмайтындарын, себебі жүкті екенін айтып, арыздануға кеңес берген. 

Оқиғаға қатысты Алматы облыстық полиция департаментінен жауап алып көрдік. Полициядағылар тәрбиешіге қатысты ҚР ҚК 141-бабына (Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау) сәйкес іс қозғалғанын мәлімдеді. 


stan.kz
Автор
Әлихан