Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жазасын өтеуші жастар жұмыспен қамтылады

Жазасын өтеуші жастар жұмыспен қамтылады

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласында орналасқан еліміздегі жалғыз балалар колониясында Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Вячеслав Вавилиннің, сондай-ақ оңтүстік астананың жеке кәсіпкерлік өкілдерінің қатысуымен іс-шара өтті.

Шараға құрылыс және құрылыс-жобалық компаниялардың, ЖШС, оқу орталықтарының, Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

"Аталған шараның басты мақсаты кәмелетке толмаған жазасын өтеушілерді жұмыспен қамту бойынша мәселелерді шешу. Бүгінгі таңда балалар колониясында 40-тан аса жасөспірім жазасын өтеуде. Кәмелетке толмағандардың басым бөлігінде бас бостандығынан айыру орындарына түспей тұрып, мамандық қана емес, тіпті орта білімі де болмаған. Осыған байланысты олар түске дейін жалпы білім беру мектебінде білім алады, ал түстен кейін олардың жартысы дәнекерлеуші, темір ұстасы, ағаш ұстасы мамандықтарын алу үшін ҚАЖ мекемесінің аумағында орналасқан кәсіптік-техникалық мектепке барады. Оқу орнын аяқтағандарға мемлекеттік үлгідегі куәлік беріледі" - дейді мамандар.

Жетісу ауданының әкімдігі осындай шаралардың маңыздылығын атап өтіп, жасөспірім сотталғандарды жұмыспен қамту жөніндегі мәселені шешу үшін ішкі меморандум қабылдауды ұсынды.

Өз кезегінде кәсіпкерлер ҚАЖ мекемесінің аумағында жұмыс орнын құру бойынша өз ұсыныстарымен бөлісті.

Жұмыс кездесуін қорытындылай келе кәсіпкерлер балалар колониясындағы бос жатқан аудандар мен ғимараттарды қарап шықты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ
Автор
Әлихан