ка

“Жарты жыл ғана өмірі қалды”: Қожа рөлін сомдаған актер ауыр дертке шалдыққан

08.04.2025 11:40
0
16
«Менің атым – Қожа» киносының актері Нұрлан Санжар ауыр дертке шалдыққаны белгілі болды.  Кино жұлдызы өкпенің созылмалы обструктивті ауруымен күресіп жатыр.
"Қазір Нұрлан Санжарұлына қаржылай көмек қажет. Емделіп, жұмыстарын аяқтау керек. Ол журналистика факультетінде сабақ берген. Қазір сырқатына байланысты жұмыс істемейді. 75 жасында тыныс алу аппаратында тәулігіне 14 сағат бойы жататын адам қалай жұмыс істесін? Дәрігерлер жарты жыл өмірі қалғанын айтыпты", – деп жазды журналист Жанар Қанафина.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, актерге ұзақ ғұмыр тілеп жатыр.
“Біздің бала күніміздің аңыз адамы”, “Тез жазылып шықсын”, “Әйелі мен балалары бар ма екен?!”, “Билік өкілдері актердің өмірін сақтап қалуы керек”, “Ақшаны қай жаққа жіберейік”, – деп жазды көпшілік. https://smartnews.kz/news/18736-kozha-rolin-somdagan-akter-auyr-dertke-shaldygyp-zharty-zhyl-gana-omiri-kalgan
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий