Ақтөбеде белгілі әнші әрі термеші өмірден өтті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жапонияда жер сілкінісі болып, қаншама адам зардап шекті

Жапонияда жер сілкінісі болып, қаншама адам зардап шекті
Фото: Reuters.com

Жапония метеорологиялық агенттігінің мәліметінше, жер асты дүмпулері Сидзуока префектурасының батысында болған. Жер сілкінісінің ошағы шамамен 40 шақырым тереңдікте орналасқан.

Жапонияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,7 болатын жер сілкінісі тіркеліп, кемінде 20 адам жарақат алды. Зардап шеккендердің басым бөлігі эвакуация кезінде құлаған, деп хабарлайды kznews.kz.

Сейсмикалық толқындар көршілес Айти префектурасының Тита қаласында да қатты сезілген. Мұнда дүмпудің қарқындылығы елдегі жеті балдық шкала бойынша 5+ деңгейіне жеткен.

Жергілікті билік пен өрт сөндіру қызметінің хабарлауынша, зардап шеккендер эвакуация кезінде құлап, түрлі жарақат алған. Алдын ала ақпарат бойынша, ауыр әрі өмірге қауіп төндіретін жағдайлар тіркелмеген.

Жер сілкінісінен кейін цунами қаупі жарияланған жоқ.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.