Өнер иесі қуанышты жаңалықпен Instagram парақшасында бөлісіп, сыйлық табыстаған сәттің видеосын жариялады.
Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова тұңғыш ұлына тосынсый жасап, оған тұлпар сыйлады. Анасының ерекше тартуына қатты қуанған баланың әсерлі сәттері әлеуметтік желіде көпшіліктің ықыласына бөленді, деп хабарлайды kznews.kz.
Кадрлардан ұлының жылқыға ие болғанына ерекше шаттанғанын көруге болады. Актриса жарияланымына «Ата-анама шексіз алғыс» деген жазба қалдырған.
Желі қолданушылары анасының баласына жасаған ерекше сыйлығына сүйсініп, пікірлерін жарыса жазуда. Олар жасөспірімге ақ тілектерін арнап, отбасына амандық пен бақ-береке тіледі.
Жұлдыз Әбдікәрімованың бұл әрекеті де көпшіліктің назарынан тыс қалмай, ана мен бала арасындағы жылы қарым-қатынастың жарқын көрінісіне айналды.