Жапония премьер-министрі Санаэ Такаити елдің қазіргі үкіметін техникалық отставкаға жіберді. Жақын арада Министрлер кабинетінің жаңартылған құрамы жарияланбақ. Жапония премьер-министрінің кеңсесі 17 қыркүйекте кезектен тыс үкімет отырысы өткенін және жаңа министрлер құрамын жариялау жоспарланғанын хабарлады, деп жазады kznews.kz
ТАСС мәліметінше, отставкаға кеткен министрлер жаңа үкімет жасақталғанға дейін өз міндеттерін ресми түрде атқара береді. Бұл ретте негізгі министрлердің басым бөлігі қызметінде қалуы мүмкін.
NHK ақпараты бойынша, бұған дейін Санаэ Такаити биліктегі Либерал-демократиялық партия басшылығының жаңа құрамын жариялаған.
Премьер-министр партия мен үкіметтің мүмкіндіктерін толық пайдалана алатын басқару тетігін қалыптастыруды мақсат етіп отырғанын айтқан. Оның сөзінше, бұл сайлау науқаны кезінде жарияланған негізгі саяси өзгерістерді жүзеге асыруға мүмкіндік беруі тиіс.
Такаити сондай-ақ партия мен үкімет күрделі жағдайларды еңсеріп, экономикалық өсім арқылы халықтың әл-ауқаты мен тұрақтылығын арттыруға бағытталған саясат жүргізетінін мәлімдеген.
Санаэ Такаити Жапония премьер-министрі қызметін 2026 жылғы 18 ақпаннан бері атқарып келеді.