Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Жанында жас бала бар": Желіде көлікті мас күйде жүргізген әйелдің ВИДЕОсы тарап кетті

"Жанында жас бала бар": Желіде көлікті мас күйде жүргізген әйелдің ВИДЕОсы тарап кетті

Алматы облысында көлікті мас күйінде жүргізген әйел 15 тәулікке қамалды.

Polisia.kz ақпаратына сәйкес, Ескелді ауданының Бақтыбай кентінде патрульдік полиция Lada Vesta автокөлігінің қозғалысына назар аударған.

"Полиция көлікті тоқтатқан кезде рөлде мас әйелдің отырғанын анықтады. Кейін куәландыру оның орташа деңгейде мас екенін растады", – деді Ескелді аудандық ПБ бастығы Қайрат Баймұханов.

Көлік тізгінінде 40 жастағы тұрғын болған. Жанында жас бала бар. Полиция тоқтатқан кезде әйел "үйіме тәп-тәуір жетіп аламын", "мен асықпай жүремін" дейді.

Автокөлік жүргізшісіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы 1-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде басқару) бойынша әкімшілік іс қозғалды, автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Әкімшілік соттың шешімімен әйел 15 тәулікке қамауға алынып, жеті жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды.

https://youtu.be/Dd4rnF5lVYU

Автор
Еркебұлан