Әзілкеш әрі актер Уәлибек Әбдірайымовтың тойда берген батасы әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көпшіліктің сынына ұшырады. Желі қолданушылары оның сөздеріне қатысты түрлі пікір білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.
Алайда әзілкештің бата кезінде айтқан сөздері желі қолданушыларының көңілінен шықпаған.
«Жаның жәннатта болсын. Әй, Андрей, мына қазақтың ортасында абыройың өссін. Әй, жүр. Әумин», – деген ол.
Видеоны көрген оқырмандар батаның мазмұнын сынға алып, әзілдің де шегі болуы керектігін жазды. Кейбірі өнер иесінің сөздерін орынсыз деп бағаласа, енді бірі оның сол сәттегі жағдайына қатысты болжамдарын бөлісті.