KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

“Жанымды ауыртады”: Каспийдегі оқиғада аман қалған сарбаз марқұм достарына арнап жазба жариялады

• Айжан Сыланова
Фото: ашық дереккөз

Каспий теңізінде өткен әскери оқу-жаттығу кезінде болған қайғылы оқиғадан аман қалған сарбаз Бекет Қуандық қаза тапқан қаруластарына арнап әлеуметтік желіде жүрекжарды жазба жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Бекет Қуандық қаза тапқан жауынгерлермен бір сапта жүргенін атап өтіп, олардың қазасы жүрегінде өшпес із қалдырғанын жеткізді.

"Қаза тапқан қарулас бауырларымның отбасыларына, туған-туыстарына шын жүректен көңіл айтамын.

Бірге қызмет еткен, бір сапта жүрген жігіттерден айырылу — жүрекке ауыр соққы. Мен аман қалғаныммен, сол күнгі қайғы мен қасірет жүрегімде мәңгі қалады. Қасымда болуы тиіс бауырларымның енді арамызда жоқтығы жанымды ауыртады.

Жігіттерімнің жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Алла алдынан жарылқап, жандарын жәннаттан етсін. Артында қалған отбасыларына сабыр мен төзім берсін.

Біз оларды ешқашан ұмытпаймыз. Олар — біздің қаруластарымыз, бауырларымыз. Ерліктері мен жарқын бейнелері жүрегімізде мәңгі сақталады.

Жандары жәннатта болсын, бауырларым!

Барша біз үшін уайымдап, дұғада болған қазақ елі сіздерге Алла разы болсын", – деп жазды Бекет.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →