Алматылықтардың үрейін алған "қайыршы" жасөспірімдерді полиция ұстады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жантүршігерлік жол апаты: Елордада жол апатынан екі бала көз жұмды

Жантүршігерлік жол апаты: Елордада жол апатынан екі бала көз жұмды

Елордада көлік апатынан кәмелетке толмаған екі бала көз жұмды.

Елордада 4 тамыз күні сағат 22:30-да «Howo» маркалы автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі Қорғалжын тасжолы жағынан айналма жолмен келе жатып, Тілендиев даңғылына қарай жол бойында тұрған «Steyr» маркалы жүк көлігін қағып кеткен.

Келесі кезекте «Volkswagen Passat» автокөлігінің жүргізушісі әрекет етуге үлгермей, «Howo» көлігімен соқтығысады.

Жол апаты салдарынан оқиға орнында «Howo» автокөлігінің 11 және 7 жасар кәмелетке толмаған екі жолаушысы көз жұмды.

«Howo» және «Volkswagen Passat» автокөліктерінің жүргізушілері ауруханаға жеткізілді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Автор
Айбар