"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Жансақтау бөлімдері науқастарға лық толы": Елордалық дәрігерлер ауруханалардағы жағдайды көрсетті

"Жансақтау бөлімдері науқастарға лық толы": Елордалық дәрігерлер ауруханалардағы жағдайды көрсетті
Әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтандағы науқастарға лық толы инфекциялық ауруханалар түсірілген видео таралды, деп хабарлайды kznews.kz ақпарат агенттігі.

Бейнежазбада төсектерде жатқан науқастар анық көрінеді. Видео инфекциялық станционарда түсіріліпті.

"Сіздер немесе туыстарыңыз ауруханадан бір-ақ шығуларыңыз мүмкін. Ауру өте қауіпті  және барған сайын "жасаруда". Біздің дәрігерлер 24 сағат бойы аяққа тік тұрып, науқастардың өмірлері үшін күресуде. Жағдайдың қаншалықты қорқынышты екенін өздеріңіз көріңіздер", – дейді видео авторы.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, видеодағы №1 көп бейінді қалалық аурухана мен №3 көп бейінді қалалық балалар ауруханалары. Бұған дейін бұл станционарлар инфекциялық аурухана болып қайта жабдықталған.

"Инфекциялық ауруханаға бейімделген күннен бастап, жансақтау бөлімі науқастарға толы. Күн сайын олардың жағдайлары нашарлап, көз жұмуда. Балалар ауруға жиі шалдығатын болды. Өз денсаулықтарыңызға жауапкершілікпен қарауды сұраймыз", – дейді елордалық дәрігер.

Бұған қоса, ол коронавирустың жеңудің жалғыз жолы вакцина екенін атап өтті.


Айта кетсе, елімізде эпидемиологиялық жағдай күннен күнге өршіп барады. Өткен тәуілікте бес мыңнан астамқазақстандық қауіпті індет жұқтырған.
Автор
Айбар