Көршілер бірнеше рет ескерткен: Ақтауда екі жасар бала көз жұмды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жанболат Ағаділдің өлімі: Бұл биліктің "Байқаңдар, сендердің балаларың да осылай өледі деген емеуріні болуы мүмкін"

Жанболат Ағаділдің өлімі: Бұл биліктің "Байқаңдар, сендердің балаларың да осылай өледі деген емеуріні болуы мүмкін"

Дулат Ағаділдің кәмелетке толмаған ұлы Жанболатты біреулер пышақтап өлтірді.

Бұл туралы полиция тергер басталғанан айтты.

Жаппай төбелес кезінде қайтыс болды делінген ресми мәліметте.

Бұл оқиғаға әлеуметтік желі қолданушылары да белсенді пікір айтып отыр.

Оқи отырыңыз: Дулат Ағаділдің баласы: Әбілязовтан ақша алмадық (видео)

Бақыт Шабданов Facebook парақшасында: "Жаңалықтарда төбелес кезінде өлген деп жазып жатыр. Солай болуы да мүмкін. Бірақ, бұл өзгелерді қорқытып қоюы үшін "байқаңдар, осындай жағдай сендердің де балаларыңның басына тууы да мүмкін"-деп биліктің істеген ісі болуы да мүмкін ғой" деп жазды.

Айгүл Болатханқызы Facebook-та: "Төбелес кезіндегі пышақ жарақатынан” делініпті. Ол не төбелес? Неге төбелескен? Осыған дейінгі видеоларында пәтеріне себепсіз келгендер, өзін ұстап алып әкеткендер жайлы айтылып жүрді. Неге? Кім? Не үшін? Бірсөзді әкенің ұлы болмай-ақ қазақтың жасөспірім баласы деп қарап көрші, өз айналаңдағы ет жақыныңның 17 жастағы баласы деп қарап көр. Осыған дейін де әр өңірде түрлі әлімжеттіктен талай жасөспірім бақилық болған... Ұсталған шығар, сотталған шығар... Бірақ қашанға дейін жалғасады. Мешіт көп, имандылар жетерлік, бірақ қатыгездік неге өршіп барады?" деп жазды.

Автор
Еркебұлан