"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жаңаөзен тұрғыны әкімдік ғимаратында өзін-өзі өртемек болған - Қазақстан жаңалықтары

Жаңаөзен тұрғыны әкімдік ғимаратында өзін-өзі өртемек болған - Қазақстан жаңалықтары

Жаңаөзендегі әкімдік ғимаратында өзін-өзі өртемек болған тұрғын қамауға алынды. Ол шенеуніктерді осылайша қорқытып, мұнай компаниясына жұмысқа тұрмақ болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме беріп.

Өңірдегі мұнай компаниясы коммуналдық мекеме жұмысшыларын қызметке алуды жоспарлаған. Ол үшін арнайы тест сынағынан өту керек екен. Бірақ өзіне от қоймақ болған жігіт сол сынақтан сүрінген. Ашуға булыққан ол әкімдікке жанармай құйылған бөтелке әкеліп талабын  айтыпты.

Өзін ұялы телефонына түсіруді ұмытпаған. Тәртіп сақшылары сабырға шақырғанымен, ол көнбей қойды. Қолынан бөтелкені тартып алмақ болғанда ол оттықты тұтатып жіберген. Абырой болғанда қасындағылар оны өшіріп үлгерді.

Енді аталмыш қылығы үшін  ер адам 20 күн қамауда отырады. 

"Сол күні шешім қабылдау үшін материал сотқа жолданды. Сот жоғарыда көрсетілген бап бойынша 20 тәулікке қамау жазасын тағайындады. Ол енді Ақтау қаласының арнайы қабылдауына орналастырылды", - дейді Әйгерім Ибатуллаева, Маңғыстау облыстық ПД баспасөз хатшысы.
 


stan.kz
Автор
Еркебұлан