Демография статистикасы: елдегі әрбір үшінші неке ажырасумен аяқталады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жаңа үшкамералы iPhone қандай болады?

Жаңа үшкамералы iPhone қандай болады?

Apple компаниясының жаңа смартфоны iPhone XI деп аталуы бек мүмкін. Сондай-ақ смартфонда үш камера болады деп күтілуде, - деп хабарлайды Digit.in.

- OnLeaks серіктестігінің арқасында жаңа iPhone жайлы алғашқы деректерді бөліспекпіз. Келесі смартфонның артында үш камера болады, - деп жазады басылым.

Интернетте жарияланған видеода смартфонның артқы бөлігі ғана көрсетілген. Ал алдыңғы бөлігінде өзгеріс болмайтын көрінеді. Артқы бөлігіндегі үш камера Huawei Mate 20 смартфонындағыдай квадрат болып орналасады.

Айта кетейік, Apple компаниясы жаңа өнімдерін жыл сайын дәстүрлі түрде қыркүйек айының орта тұсында таныстырып келеді. Жаңа iPhone биыл да сол уақытта шығуы мүмкін.

Дереккөз: https://massaget.kz/
Автор
Арман