Құралайдың салқыны: Қазақстандағы киік саны 4,5 миллионнан асты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Сарапшылар iPhone 18 Pro бағасын атады: ол айтарлықтай қымбат болады

Сарапшылар iPhone 18 Pro бағасын атады: ол айтарлықтай қымбат болады
fpt видеосынан кадрлар

iPhone 18 Pro бағасы 1400 доллар болуы мүмкін – бұл iPhone 17 Pro-дан 300 долларға қымбат, ал iPhone 18 Pro Max құны 1500 доллардан басталуы ықтимал, деп хабарлайды kznews.kz  ixbt.com сайтына сілтеме жасап.

iPhone 18 Pro сериясының болашақ смартфондары жад, камера және басқа да негізгі компоненттер құнының өсуіне байланысты айтарлықтай қымбаттауы мүмкін. The Wall Street Journal және TechInsights бағалауынша, Apple бағаны көтеру мәселесін қарастырып жатыр, ал бастапқы баға қазіргі iPhone 17 Pro үшін белгіленген 1100 доллардың орнына 1300–1400 долларға дейін көтерілуі мүмкін.

WSJ бағаның 1400 долларға дейін өсуін ең ықтимал нұсқа деп атайды, бұл конфигурациясына қарай 200–300 долларға қосылғанын білдіреді. Егер болжам расталса, iPhone 18 Pro Max бағасы 1500 доллардан басталуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, Apple бас директоры Тим Кук бұған дейін жад компоненттері құнының өсуіне байланысты компания өз құрылғыларының бағасын көтеретінін және бұл қадамның болмай қоймайтынын мәлімдеген еді.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.