"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жан Ахмадиев тіркелмеген «Ел тірегі» партиясын қолдап рэп оқыды (ВИДЕО)

Жан Ахмадиев тіркелмеген «Ел тірегі» партиясын қолдап рэп оқыды (ВИДЕО)

1 қараша күні тіркелмеген «Ел тірегі» партиясы мен өзге де қоғам белсенділері Алматыдағы Шоқан Уәлиханов ескерткішінің жанында Қазақстан мен Ресейдің «Сбер» компаниялар тобы арасындағы цифрлық платформаны дамыту туралы келісіміне қарсы рұқсат етілген бейбіт наразылық митингісін өткізді, деп хабарлайды «kznews.kz» сайты.

Митингіге «Ел тірегі» партиясының төрағасы Нұржан Әлтаев, «Дат» газетінің бас оқырманы Ермұрат Бапи, журналист Гүлжан Ерғалиева, қоғам белсенділері Мұрат Мұхамеджанов, Әсет Наурызбаев, Эльмар Хұсайынов, Оразбай Орман, Меңдос Оразбаевтар сынды бірқатар қоғам қайраткерлері қатысып, өз үндерін қосты.

Белсенділер арасында белгілі рэпер, ел жанашыры Жан Ахмадиев те болып, ортаға өз өнерін паш етті.

Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айының басында Қазақстан үкіметі мен ресейлік «Сбер» компаниялар тобы қол қойған меморандумның мәтіні жарияланған болатын. Ондағы ақпаратқа сәйкес, Қазақстан ресейлік «Сбербанктің» IT-платформасын 500 млн долларға сатып алмақ. Соған сәйкес E-gov-қа балама ретінде GovTech жүйесі «Сбердің» Platform V платформасына негізделіп жасалады.

Шеруді ұйымдастырушылар бұл келісім Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне, мемлекет тұтастығы мен егемендігіне қауіп төндіреді деп есептейді. Ел ішінде бұл меморандумға байланысты түрлі наразы пікірлер де көбейіп, «Қазақстанның ақпараттық жүйелерінің дамуын, бақылауын басқа елге сеніп тапсыруға болмайды», «Ресейдің қолына түсу қаупі бар», «Ресей билігінің қысымы» – деп қатаң сынға алынуда.

Автор
Данияр