KZNews.kz
Қоғам

Жамбыл облысында ҰҚК-ның екі қызметкері жол апатынан қаза тапты

Айжан Сыланова
Фото: ашықдереккөз

Жол апаты Toyota Camry және Mitsubishi Pajero көліктерінің қатысуымен болып, екі адам қаза тапты. Үшеуі медициналық көмекке жеткізілген. Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Жол-көлік оқиғасы бойынша іс қозғалды. Toyota Camry көлігінің жүргізушісі, Шолдала ауылының бағытымен жүріп келе жатқанда, басты жолмен қозғалып келе жатқан Mitsubishi Pajero көлігімен соқтығысқан. Оқиға орнында екі адам қаза тапты, үш адам ауруханаға жеткізілді», — деді департамент өкілдері.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →