Қазақстан соғысқа дайындалып жатқан жоқ – Айдос Сарым
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жамбыл облысында коронавирусқа қарсы вакцина зауыты іске қосылады

Жамбыл облысында коронавирусқа қарсы вакцина зауыты іске қосылады

Жамбыл облысында коронавирусқа қарсы вакцина шығаратын зауыт келер жылы іске қосылады.

Бұл туралы KzNews.kz ақпарат агенттігі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Мұнда 60 миллион дозаға дейін биопрепарат өндіру жоспарланған. Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынып жатқан бірегей нысанның құрылысы қазір қарқынды жүріп жатыр.

Мұнда әлемдік стандарттарға сай түрлі инфекцияға қарсы вакциналар өндіріледі. Зауытты көрген Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов құрылыс сапасына баса мән беруді тапсырды.

Сондай ақ вице-премьер Қордай ауданында болып жергілікті тұрғындармен де кездесті. Интернет, ауыз су, газ, сияқты маңызды мәселелер шешілген елдімекендерде болып, бірқатар әлеуметтік нысандарды көріп шықты. Ералы Тоғжанов індетт асқындырмау үшін халықты дәрі дәрмекпен қаматамасыз етіп, сапалы медициналық қызмет көрсетуді тапсырды.

Автор
Еркебұлан