Тоқаев келесі президент сайлауы қашан өтетінін айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жамбыл облысында блогер әлеуметтік желідегі видеосы үшін қамауға алынды

Жамбыл облысында блогер әлеуметтік желідегі видеосы үшін қамауға алынды

Жамбыл облысында блогер әлеуметтік желідегі видеосы үшін 10 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Полицияның мәліметінше, блогер жергілікті супермаркеттердің бірінің жарнамасын түсіру кезінде қоғамдық тәртіпті бұзған.

Жас жігіт желі қолданушыларының назарын аудару мақсатында автокөліктің алдыңғы әйнегін сындырып, көліктің жолаушысына дауыс көтерген. Видео әлеуметтік желіде тарады.

Құқық бұзушы анықталып, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылды. Осылайша, блогер үшін супермаркеттің жарнамасы 10 тәулікке қамалумен аяқталды.

Полиция қызметкерлері азаматтарға қоғамдық орындарда заңды сақтаудың және жалпы қабылданған тәртіп ережелерін орындаудың маңыздылығын еске салды.

Еске салсақ, бұған дейін атыраулық блогер Тоқаевты балағаттаған видеосы үшін қамауға алынғаны туралы жазған едік. 

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.