Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жамбыл облысында бір топ ұл бала қызды әжетханаға сүйрегені белгілі болды

Жамбыл облысында бір топ ұл бала қызды әжетханаға сүйрегені белгілі болды

Әлеуметтік желіге тараған бейнежазбада бір топ ұл баланың қызды әжетханаға күштеп кіргізген сәті түсіп қалған. Бұл мектеп-интернат көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға арналған.

Облыстық білім басқармасының хабарлауынша, оқиға 5 сәуір күні болған. Анықтау жұмыстары нәтижесінде мектеп-интернаттың жауапты қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданылған.

«Аталған дерекке байланысты мектеп-интернаттың бірқатар мамандарына шара қолданылды. Сонымен қатар, болған жағдай жөнінде құзырлы органдарға хабарламағаны үшін мекеме директорына да тәртіптік жаза берілді», – делінген басқарма таратқан мәліметте.

Бұдан бөлек, Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне мектеп директорының әрекетіне байланысты әкімшілік іс қозғау туралы ұсыныс жолданған.

Қазіргі уақытта полиция бұл оқиғаға құқықтық баға беру бойынша тексеру жүргізіп жатыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.